Accessibility links

Шотландия Ұлыбританиядан бөлінбеуді қолдады


Шотландияның Ұлыбританиядан бөлінбеуін қолдаған сайлаушылар дауыс беру нәтижесінің алғашқы мәліметтерін естіп, қуанып тұр. Шотландия, Глазго, 19 қыркүйек 2014 жыл.
Шотландияның Ұлыбританиядан бөлінбеуін қолдаған сайлаушылар дауыс беру нәтижесінің алғашқы мәліметтерін естіп, қуанып тұр. Шотландия, Глазго, 19 қыркүйек 2014 жыл.

Шотландия сайлаушылары 18 қыркүйек күні өткен референдумда Ұлыбритания Біріккен Корольдігінен бөлінбеуді қолдады. Әзірге белгілі болған дауыс санау нәтижесі бойынша, Шотландияның Біріккен Корольдік құрамында қала беруіне дауыс бергендер саны сайлаушылардың 50 пайызынан асып кеткен.

Ұлыбританиядан бөліну жөнінде референдум өткізуді ұсынған Шотландия ұлттық партиясының лидері Алекс Салмонд "жеңілгендерін мойындайтынын" мәлімдеді. Ол "Шотландия әзірге бөлінбеу туралы шешім қабылдады" деді.

Партия жетекшісінің орынбасары Никола Стерджен "өте өкінішті, жеңіске бірнеше пайыздар жетпей қалды" деген.

Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Прага уақыты бойынша (Алматы уақытынан бес сағат артта - ред.) сағат 8-де арнайы баяндама жасайды. Ол әзірге Шотландияның бөлінуіне қарсы науқанды басқарған Алистер Дарлингті құттықтады.

Референдумға сайлаушылардың 85 пайызы қатысқан.

XS
SM
MD
LG