Accessibility links

Қазақстан Азия ойындарында алғашқы жүлде алды


Екатерина мен Александра Немичтер. Барселона, синхронды жүзуден әлем чемпионаты, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Екатерина мен Александра Немичтер. Барселона, синхронды жүзуден әлем чемпионаты, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

20 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XXVII жазғы Азия ойындары басталды.

Алғашқы күні Қазақстан командасы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесін синхронды жүзуден алды. Ағайынды Екатерина мен Александра Немичтер жұптық жарыста 167,7 ұпай жинап, қола жүлде иеленді.

Жарыстың бұл түрінен алтынды - 185,15 ұпай жинаған Қытай спортшылары, күмісті 181,53 ұпай жинаған жапон жұбы алды.

Азия ойындары 4 қазан күні аяқталады. Оған Қазақстаннан 420 спортшы қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG