Accessibility links

Донецкіде 35 украин сарбазы тұтқыннан босатылған


35 тұтқын босатылды
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:04 0:00

ВИДЕО: 35 сарбаз сепаратистер тұтқынынан босатылды. Донецк, Украина, 20 қыркүйек 2014 жыл.

Сенбі күні Донецкіде сепаратистер тұтқынынан 35 украиналық әскери босатылды. Олар 51, 92 және 93-бригада құрамында қызмет атқарғандар. Бұл туралы Украина президенті Петр Порошенко Twitter-деі парақшасына жазды.

Бұған дейін тұтқындарды босату туралы орталықта қыркүйектің 13-і күнгі тізімде 853 украиналық әскеридің аты-жөндері көрсетілген еді. 408 сарбаз хабарсыз кеткендер санатында. 14 қыркүйекте – 73 тұтқын, 19 қыркүйекте – тағы үш сарбаз сепаратистер тұтқынынан босатылған.

Днепропетровск облыстық мемлекеттік әкімшілік жанындағы тұтқындармен алмасу орталығының мәліметтері бойынша, қыркүйектің 18-і күнгі деректерге сай, ресейлік жалдамалылар мен әскери қызметкерлер украиналық 803 сарбаз және қарапайы тұрғындар тұтқында ұстап отыр деп жазады «Зеркало недели» сайты.

Олардың 500-ден астамын ресейлік әскерилер 24-30 тамыз аралығында украиналық сарбаздарды қоршауға алған операция барысында ұстаған.

XS
SM
MD
LG