Accessibility links

"Автокөліксіз" күні метромен жүруге жеңілдік жасалды


Алматы метросындағы жолаушылар. (Көрнекі сурет)
Алматы метросындағы жолаушылар. (Көрнекі сурет)

Бүгін, 22 қыркүйек - дүниежүзілік бір күндік автокөліктен бас тарту күні. Әлемде кейбір үлкен қалаларда көліктің көптігінен бұл күні тұрғындарды бір күнге көлікті пайдаланудан бас тартып, жаяу немесе велосипедпен жүруге, қоғамдық көлікті пайдалануға үндейді.

Бүгін осы күнге орай Алматы метросында жүру бағасы әдеттегі 80 теңгеден 40 теңгеге азайтылып, жеңілдік жасалды. Бұған дейін қалалық әкімдік муниципалдық автобустар да жолаушыларға осы күні тасымалдау қызметін екі есе арзан бағамен ұсынатын болады деп хабарлаған еді. Бірақ Азаттық тілшісі қала ішіндегі жолаушы тасымалдайтын автобустарда жолақы бағасының арзандатылғанын байқамады.

Бүгін таңертең Алматыда жолаушылар автобусы мен бензовоз және жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Жол апатынан автобуста отырған тоғыз адам зардап шеккен.

XS
SM
MD
LG