Accessibility links

Ресей Каспийдегі қарулануға көзқарасын білдірді


Каспий теңізі. (Көрнекі сурет).
Каспий теңізі. (Көрнекі сурет).

Ресей Каспий маңы елдерінің әрқайсысы өз теңіз әскери күштерін көршілерінің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмейтіндей жаңалағанын жөн көреді. Бұл жайында Ресей сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Игорь Братчиков "Caspian Energy" журналына берген сұхбатында айтты.

Ресей сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Братчиков басылымның "Ресей Каспийдің қарусыздануын қолдай ма?" деген сұраққа "Каспий маңы елдерінің әрқайсысы өз әскери теңіз күштерін теңіз аумағында ғана оқшауланбай, аймақтан тыс елдерден төнетін қауіп-қатерді" ескере отырып қаруланып жатқанын" айтқан.

Братчиков бұған қоса Каспий теңізінің түбімен газ құбырын тарту жобасына қатысты да Мәскеудің ұстанымын жеткізген. Ол Ресей Түркіменстан газын Еуропа Одағына тасымалдау үшін Каспий табаны арқылы Әзербайжанға дейін құбыр тартудың "сейсмологиялық, экологиялық тұрғыдан" қауіпті екенін айтып, бес елдің теңіздегі қандай да бір іс-әрекетті "өзара консенсус арқылы шешу туралы саяси міндеттеме алғанын" ескерткен.

Каспий маңы елдері - Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Иран президенттері 29 қыркүйекте Астраханда теңіз мәртебесін анықтау жөнінде саммит өткізеді.

XS
SM
MD
LG