Accessibility links

Инчхон-2014: Максим Раков - күміс жүлдегер


Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының үшінші күні қазақстандық балуан Максим Рыков күміс жүлдеге ие болды.

Дзюдодан 100 килограмда Максим Раков ширек финалда пәкістандық Хусеин Шахты, жартылай финалда ирандық Жавад Манжоувты иппон (таза жеңіс) әдісімен жеңді. Ал финалда Пекин олимпиадасының чемпионы моңғолиялық Тувшанбаяр Найданмен кездесіп, бір ұпайға ұтылып қалды. Бұл екі спортшы биыл Челябинск қаласында өткен әлем чемпионатында да кездесіп, онда моңғолиялық спортшы жеңіске жеткен.

Азия ойындарының үш күнінен кейін Қазақстанда екі алтын, екі күміс, бес қола медаль бар.

Осыған дейін дзюдодан - Елдос Сметов, ауыр атлетикадан - Маргарита Елисеева Азия ойындарының чемпионы атанса, Лондон олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет Зүлфия Чиншанло күміс жүлде алған.

Азия ойындары 4-қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG