Accessibility links

Ұлыбритания ИМ содырларына әуеден соққы берді


Ұлыбритания жойғыш ұшағы Ирактағы миссиясынан қайтып барады. Кипр, 30 қыркүйек 2014 жыл.
Ұлыбритания жойғыш ұшағы Ирактағы миссиясынан қайтып барады. Кипр, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Ұлыбритания радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының Ирактағы позицияларына алғашқы әуе соққыларын бере бастады. Ұлыбритания қорғаныс министрі Майкл Фаллонның айтуынша, британ жойғыш ұшақтары Ирактың солтүстік бөлігіндегі күрд әскери жасақтарына қауіп төндіретін ауыр қару-жарақтар орналасқан аумақтарды анықтап, ол жерлерге соққы берген. Содырлар мінген жүк көліктері де нысанаға алынған.

Күрд жасақтары британ авиациясының қолдауымен Мосулдан 100 километр қашықтықтағы Рабия стратегиялық шекара бекетіне және оның маңындағы бірнеше елді мекенге бақылау орнатқанын хабарлады. Күрд әскері бұған қоса Зумар қаласына шабуылдап, оған жақын маңдағы бірнеше елді мекенді алған.

Азаттықтың Ирак қызметінің хабарлауынша, британ жойғыш ұшақтары Анбар провинциясындағы содырлар бекініп, қазір Ирак әскерінің қоршауында тұрған Гарма және Фаллуджи аудандарына да соққы берген. Ұлыбритания авиациясымен қатар АҚШ пен Ирак күштері де Бағдадтың батысы мен оңтүстігінде "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы операция жүргізген. Кейбір ақпараттар бойынша, нәтижесінде ондаған адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG