Accessibility links

Қазақстандық қыз шахматтан әлем чемпионы атанды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова Дурбанда (Оңтүстік Африка Республикасы) өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіске жетті.

Сәдуақасова осы жеңісінен кейін FIDE рейтингінде 11 саты жоғарылап, 53-орынға шықты. Ол бұған дейін 14 және 17 жасында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын ұтқан, халықаралық дәрежедегі гройссмейстер.

Бұдан өзге, Дурбандағы әлем чемпионатында 10 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы жарыста қазақстандық Бибісара Асаубаева күміс медаль иеленді.

XS
SM
MD
LG