Accessibility links

Тәжікстан мыңдаған тұтқынға амнистия жарияламақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон парламентке түрмеде отырған 10 мыңға тарта тұтқынға амнистия жариялау туралы заң жобасын ұсынды.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобада әйелдерді, кәмелеттік жасқа толмағандарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, соғыс ардагерлерін, шетел азаматтарын және жазасының төрттен үшін өтегендерді бостандыққа шығару қарастырылған. Бірақ ауыр қылмыс жасағандарға, оның ішінде кісі өлтіргендер мен "мемлекетке сатқындық жасау" және "терроризм" айыбымен сотталғандарға рақымшылық жасалмайды.

Тәжікстанда соңғы рет рақымшылық 2011 жылы жарияланған. Ол кезде елде 4300-дей тұтқын босатылып, 5 мыңға жуық адамның жаза мерзімі азайтылған.

XS
SM
MD
LG