Accessibility links

Азиада қаржысына қатысты істің үкімі шықты


Азиада ойындарына арнап салынған шаңғы трамплині. Алматы, ақпан, 2011 жыл.
Азиада ойындарына арнап салынған шаңғы трамплині. Алматы, ақпан, 2011 жыл.

2011 жылғы 7-Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті атқарушы дирекциясының бұрынғы басшысы Айдар Мусин коррупциялық қылмыстарға қатысты айыпталып, бас еркіндігінен айырылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі сілтеме жасаған агенттіктер хабарлайды.

Қалалық соттың дерегінше, Медеу аудандық соты Мусинді «алаяқтық», «кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу» және «жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы» айыптары бойынша кінәлі деп танып, бес жарым жылға соттаған. Сот оған дүние-мүлкін тәркілеп, төрт жыл мерзімге дейін мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салған.

Сот материалдарында Мусиннің 2009 жылдан 2010 жылға дейін «Q Service» фирмасын заңсыз басқарғаны, Азиада-2011 нысандарының телекоммуникациялық құрал-жабдықтарын монтаждау жұмыстарын орындауға келісім жасасқанда осы фирмаға жеңілдіктер бергені айтылған. Тергеу барысында «Азиада-2011 ойындарына дайындық кезінде бюджет қаржысынан жымқырылған 800 миллион теңгенің бір бөлігіне Мусин қымбат жылжымайтын мүлік пен пен көліктер алғаны анықталған».

Айдар Мусиннің үстінен «аса ірі көлемде қаржы жымқыру» айыбы бойынша қылмыстық іс 2013 жылы қозғалған.

Үкімет дерегі бойынша, Алматыда 2011 жылы өткен қысқы Азия ойындарын ұйымдастыруға 233 миллиард 500 миллион теңге жұмсалған.

XS
SM
MD
LG