Accessibility links

Астанада тағы бір үй сүрілмек


Астана тұрғыны Зүлфия Зайруллинаның жері "мемлекет мұқтаждығына қажет" деп танылған үйі. Астана, 21 қазан 2014 жыл.
Астана тұрғыны Зүлфия Зайруллинаның жері "мемлекет мұқтаждығына қажет" деп танылған үйі. Астана, 21 қазан 2014 жыл.

Бүгін Астанада жері "мемлекет мұқтаждығына қажет" деп танылған бұрынғы саяжай тұрғыны Зүлфия Зайруллинаның үйін сүруге дайындап жатыр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот орындаушылары түске дейін Зайруллинаның үйінен заттарын далаға шығарып, үйді босатқан.

Жоспар бойынша үй бүгін түске дейін сүрілуге тиіс болған. Сот орындаушылары өздерінің арнайы техникасы жоқ болғандықтан сол маңдағы құрылыста жүрген үш тракторды бірінен кейін бірін жалдап әкеліп үйді сүргізбек болған. Бірақ трактор жүргізушілері "иелері жоқ үйге тимейтіндерін" айтып, үйді сүруден бас тартқан.

Бұдан соң сот орындаушылары мен сол маңға алдын-ала барған өрт сөндіру қызметі өкілдері, учаскелік полиция қызметкерлері біртіндеп тарай бастаған.

Қазір үйдің жанында сот орындаушыларының бір көлігі ғана тұр.

Астанадағы бұрынғы саяжай аумағында тұрған үйлерін сүріп, жерлерінің «мемлекет қажетіне» алынуына қарсы тұрғындар баспаналары үшін жергілікті билік бермек болған бес миллион теңге көлеміндегі өтемақыға разы емес. Тұрғындар бұған дейін бірнеше рет наразылық акцияларын өткізген. Қалалық әкімдік үйлерді сүруді заңды деп санайды.

XS
SM
MD
LG