Accessibility links

Әділбек Жақсыбеков Астана әкімі болды


Әділбек Жақсыбеков.
Әділбек Жақсыбеков.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Әділбек Жақсыбековті Астана қаласының әкімі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Оның алдында Қазақстан қорғаныс министрі, президент әкімшілігінің жетекшісі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі, индустрия және сауда министрі болып қызмет істеген Әділбек Жақсыбеков 1997-2003 жылдар аралығында Астана қаласының әкімі болған.

Астана қаласының бұған дейінгі әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін президент жарлығымен қорғаныс министрі болып тағайындалған.

XS
SM
MD
LG