Accessibility links

Ресей Молдованың ет өнімдеріне тыйым салмақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей 27 қазаннан бастап Молдовадан ет импорттауға тыйым салады. Бұл туралы хабарлаған Россельхознадзор мекемесінің басшысы Сергей Данкверт Ресейге келетін етті саудагерлер «ауылдағы қарапайым базарлардан көтерме бағамен сатып алатындықтан» Молдованың ет өнімдерін «қауіпті» деп мәлімдеген.

Данкверт Молдовадан келген ет өнімдерін тексеруге беларусьтік сарапшылар да қатысқанын, егер Беларусь Ресей салған тыйымға қосылмаса, онда Россельхознадзор Молдова шикізатын пайдаланатын Беларусьтің кейбір кәсіпорындарынан ет тасымалдауға да тыйым салатынын ескертті.

Шілде айында Ресей Молдовадан көкөніс импорттауға тыйым салып, ет, қант, дәнді дақылдар, сыра мен шарап импортына баж салығын енгізген. Молдова экономика министрі Анриан Канду сол кезде Ресейдің «шектеу енгізуге экономикалық та, құқықтық та дәйегі жоқ» деп мәлімдеген.

Бүгін Ресейде Украинадан көкөністің барлық түрін кіргізуге тыйым күшіне енеді. Россельхознадзор бұл тыйым Украина көкөністі Еуропа Одағынан импорттап, оны Ресейге қайтара экспорттайтындықтан салынған дейді.

XS
SM
MD
LG