Accessibility links

Внуково әуежайы басшылары қызметтен кетті


Внуково әуежайында апат болған Falcon-50 ұшағының бөлшектері. Мәскеу, 21 қазан 2014 жыл.
Внуково әуежайында апат болған Falcon-50 ұшағының бөлшектері. Мәскеу, 21 қазан 2014 жыл.

Мәскеудің Внуково әуежайының бас директоры Андрей Дьяков пен әуежайдың басқа да бірқатар менеджерлері Total мұнай компаниясының басшысы Кристоф де Маржери қаза тапқан апаттан соң қызметтерінен кетті.

Әуежайдың ресми сайтында хабарланғандай, басшылық "21 қазанға қараған түні болған қайғылы оқиғаға байланысты" отставкаға кетуге шешім қабылдаған және өтініштері қабылданған.

Бұған қоса әуежайдың ауысымдағы директоры, аэродромды пайдалану бөлімінің бастығы мен жетекші басқарушы инженер қызметтен шеттетілген.

Бұған дейін апатқа қатысты іс бойынша төрт адам: қар тазалау жұмыстарына жауапты аэродром қызметінің жетекші инженері, ұшырылымдар жетекшісі, диспетчер-стажер мен диспетчер ұсталған.

Внуково әуежайында 21 қазанға қараған түні шағын Falcon-50 ұшағы ұшу алаңына шығып кеткен қар тазалайтын көлікпен соқтығысып, апатқа ұшыраған еді. Апаттан ұшақ бортында болған төрт адам, оның ішінде франциялық Total компаниясының атқарушы директоры Кристоф де Маржери де қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG