Accessibility links

Иран президенті әйелдерге "қышқыл шашуды" айыптады


Әйелдерге "қышқыл шашу" шабуылдарына қарсылық шеруіне шыққандар. Тегеран, Иран, 22 қазан 2014 жыл.
Әйелдерге "қышқыл шашу" шабуылдарына қарсылық шеруіне шыққандар. Тегеран, Иран, 22 қазан 2014 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани елде жиі қайталанып кеткен әйелдерге қышқыл шашу оқиғасын «адамгершілікке жатпайтын қылық» деп атап, құқық органдарына кінәлілерді табуды бұйырды.

Сенбі күні ол Иран ішкі істер министрлігі мен әділет министрлігіне қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, әйелдерге шабуыл жасағандарды тезірек анықтап, ұстауды тапсырған. Бұған дейін ішкі істер министрлігі осы іс бойынша төрт ер адамның тұтқындалғаны туралы хабарлаған еді.

Қазан айының ортасынан бері Исфахан қаласында әлгіндей шабуылға ұшыраған сегіз әйелге белгісіз біреулер қышқыл ерітіндісін шашқан. Салдарынан зардап шеккендердің бет-жүзі күйіп, кейбірінің көзіне зақым келген. Әйелдерге қарсы шабуылдарға олардың діни талапқа сай киінбеуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады.

Әйелдерге қышқыл шашып шабуыл жасағандардың ісіне наразылық білдірген жүздеген адам 22 қазанда Исфаханда шеруге шығып, биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды талап еткен. Мұндай наразылық акциясы ел астанасы Тегеранда да өткен.

XS
SM
MD
LG