Accessibility links

АҚШ-та қалың қар түсіп, он төрт адам қаза болды


Нью-Йорк штатында тұрғын үйді қардан тазалап жатқан адам. АҚШ, 20 қараша 2014 жыл.
Нью-Йорк штатында тұрғын үйді қардан тазалап жатқан адам. АҚШ, 20 қараша 2014 жыл.

АҚШ-тың Нью-Йорк штатының батысында әдеттен тыс қалың қар жауып, ауа райының бұзылуы салдарынан қаза болғандар саны 14 адамға жеткен. АҚШ ұлттық метеорология қызметі кей жерлерде қардың қалыңдығы екі метрден асатынын хабарлап, бірқатар аудандарда оның соңы тасқынға ұласуы мүмкін екенін ескертті.

Қалың қардың кесірінен кейбір автокөлік жолдары жабылып, көліктер жол үстінде тұрып қалған. Жарты миллионан аса тұрғыны бар ауданда көптеген үйлердің есік-терезесін қар басып, адамдар өз үйлеріне қамалып, шыға алмай қалған.

Жергілікті билік орындары тұрғындарға үй маңындағы арық-арналарды қардан тазартып, тасқынға қарсы сақтық шараларын қамдауды ескерткен.

XS
SM
MD
LG