Accessibility links

Чехия Қазақстан азаматтарына виза беруді жеңілдетпек


Чехия президенті Милош Земан.
Чехия президенті Милош Земан.

Қазақстанға бүгін сапармен келген Чехия президенті Милош Земан қазақстандықтардың Чехияға виза алу тәртібі жеңілдеп, жеделдетілетінін айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Ақордадағы кездесуден кейін журналистер сұрақтарына жауап берген Земан Қазақстанның барлық аймағында визаға өтініш беретін орындар ашылатынын және Чехия қызметтік құжаттары бар азаматтар үшін виза режимін толықтай жою туралы келісімге келуге дайын екенін мәлімдеген.

Чехия президенті бұған қоса Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы келісімге сай басқа да санаттағы азаматтар үшін виза беру тәртібін жеңілдетуге болатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG