Accessibility links

БҰҰ: 12 миллион сириялық көмекке зәру


Үй-күйінен айырылған сириялық тұрғындар. Алеппо, қазан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Үй-күйінен айырылған сириялық тұрғындар. Алеппо, қазан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ мәліметінше, Сирияда халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі және зорлық-зомбылықтың күшеюі салдарынан 12 миллионнан аса сириялық көмекке зәру болып отыр. БҰҰ гуманитарлық бағдарламаларының үйлестірушісі Валери Амос Түркия мен Иорданияның Сирия үкіметінің санкциясын күтпестен ол елге гуманитарлық көмек жеткізуін «өте қажетті іс» деп мәлімдеген.

Валери Амос БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің көмек жеткізу мандаты қаңтарда аяқталатынын айтып, одан кейін де бұл қызметті жалғастыра беруге шақырған.

Сириядағы жағдайды «өте ауыр» деп бағалаған Амостың айтуынша, 2011 жылдан бері Сирия экономикасы 40 пайызға құлдыраған. Халықтың төрттен үші кедейшілікте тұрып жатыр. 7,6 миллион сириялық ел ішінде босқынға айналса, 3,2 миллион тұрғын өзге елдерге босып кеткен.

«Тарихта әскери қақтығыс салдарынан халықтың осыншалықты жаппай босуы бұрын-соңды болмаған» дейді БҰҰ өкілі.

XS
SM
MD
LG