Accessibility links

Путин: Ресей ешкімге қауіп төндірмейді


Путин: Ресейден ешкімге қауіп жоқ
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

ВИДЕО: Ресей президенті Владимир Путиннің әскери басшылармен кеңестегі сөзі. Сочи, 26 қараша 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің «ешкімге қауіп төндірмейтінін» және «ешқандай геосаяси ойындар мен жанжалдарға араласуға» ниетті емесін мәлімдеді.

Ол бұл туралы қарашаның 26-сы күні Сочиде Ресей қарулы күштерін дамыту жөнінде өткен кеңесте айтқан.

«Біз ешкімге қауіп төндірмейміз және ешқандай геосаяси ойындарға араласпаймыз, әсіресе бізді жанжалдарға киліктіргісі келетін кімнің де болсын қитұрқылығына берілмейміз» деген ол.

Кремль басшысы, сонымен бірге, Ресейге егемендігі мен тұтастығын және одақтастарының қауіпсіздігін қорғау қажеттігін айтқан. Путин қорғаныс саласындағы міндеттерді орындауда барлық мемлекеттік органдардың күшін біріктіру керектігін атап өткен.

Биыл наурызда Ресей Украинаның Қырым аймағын аннексиялап, кейін Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскерінің қақтығыстары басталғаннан бері Ресей мен батыс елдерінің қарым-қатынасы «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінен бері болмаған шиеленісті жағдайға келген еді.

Киев пен батыс елдері Ресейді Украинадағы сепаратистерді ашық қолдап, қаржыландырып отыр деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG