Accessibility links

Прокуратура: 200 миллиард теңге айыппұл төленбеген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасы елде соңғы бес жылда төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы 201 миллиард теңгеге жеткенін хабарлады. Тиісті айыппұлдарды төлемеген жеке азаматтар мен заңды тұлғалар саны 1,5 миллионнан асқан.

Бас прокуратура таратқан ақпаратта, орындалмаған қаулылар саны соңғы төрт жылда екі есеге өсіп, биыл 574 мыңға жеткені айтылған.

Прокуратура айыппұлдардың төленбеуіне мемлекеттік органдардың өздері шығарған қаулыларының орындалуын қадағаламауы, айыппұлдарды өндіріп алуда тиісті шаралар қолданбауы мен немқұрайлылығы әсер етіп отырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG