Accessibility links

Пәкістанда 32 содырдың көзі жойылды


Пәкістан мен ондағы Хайбер аймағының картасы. (Көрнекі сурет).
Пәкістан мен ондағы Хайбер аймағының картасы. (Көрнекі сурет).

Пәкістан әскерилері бүгін елдің солтүстік-батысында қоршауға алынған 32 содырдың көзі жойылғанын хабарлады.

Желтоқсанның 19-ында таратылған ақпаратқа қарағанда, әскерилер содырларды Хайбер аймағындағы Тирах алқабынан Ауғанстанмен шекараға қарай бара жатқанда қоршап алған. Операциядан үкімет күштерінің сарбазы жараланған.

Бұған дейін әскерилер Хайбер аймағында әуе соққылары мен құрлықтағы операциялардан тағы 27 содырдың көзі жойылғанын хабарлаған.

Желтоқсанның 16-сы күні "Талибан" жасақтары Пәкістанның Пешавар қаласында мектепке шабуыл жасап, 141 адам мерт болып, 100-ден астам адам жараланған еді. Қаза тапқандардың 132-сі - балалар.

Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф желтоқсанның 17-сінде терроризмге қатысты сотталғандарға өлім жазасын қолдануға мораторий жариялайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG