Accessibility links

Обама: Ресейге қысымды күшейтеміз


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Мариупольді артиллериялық қарудан атқылап, 30 адамды мерт етіп, 90-нан астамын жаралаған оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдірді.

Үндістанда мемлекеттік сапармен жүрген Обама Украинаның шығысындағы атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуына АҚШ-тың алаңдап отырғанын мәлімдеді.

Ол Донбастағы ахуалды шиеленістіріп отыр деп сепаратистерді айыптады. Обаманың айтуынша, Ресей сепаратистерге «керек-жарағы мен қаржы беріп, әскери жаттығулар өткізуге болысып, бұл аймаққа ресейлік әскерилерді жіберіп қолдау танытып отыр».

Барак Обама АҚШ пен оның одақтастары Ресейге қарсы қысымды күшейтетіндігін және бұл бағытта әскери іс-қимылдан басқа барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG