Accessibility links

Астанада оқушыларға сабақ тағы тоқтады


Астана көшесінде қар күреп жүрген жұмысшылар.(Көрнекі сурет)
Астана көшесінде қар күреп жүрген жұмысшылар.(Көрнекі сурет)

Бүгін Астанада қатты аяз салдарынан мектептерде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтады деп хабарлайды қала әкімдігі.

"Қазгидромет" мекемесінің болжамы бойынша, бүгін күндіз қалада ауаның температурасы 18-20 градус суық болады.

Қаңтардың 26-сында Астанада қатты аяздан 1-11 сыныптарда оқитын мектеп оқушыларына және коллеждің бірінші ауысымында оқитын 1-2 курс студенттеріне сабақ тоқтаған.

Синоптиктер Астанада алдағы екі күн бойы қатты аяз болады деген болжам айтып отыр.

XS
SM
MD
LG