Accessibility links

Белсенділер Алматы әкіміне "сыйлыққа" қол ара апарды


Қала әкімі Ахметжан Есімовке "Бас орман отаушы" белгісі мен қол араны табыс етуге келген белсенділер. Алматы, 27 қаңтар 2015 жыл.
Қала әкімі Ахметжан Есімовке "Бас орман отаушы" белгісі мен қол араны табыс етуге келген белсенділер. Алматы, 27 қаңтар 2015 жыл.

Бүгін Алматыда "Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының бірнеше белсендісі қала әкімі Ахметжан Есімовке алтын түске боялған қол ара мен өздері дайындаған "Бас орман отаушы" белгісін тапсыруға әкімдікке барды.

Акцияға қатысқандардың бірі Абай Ерекеновтің Азаттыққа айтуынша, белсенділер әкімге бұл "сыйлықтарды" оның "ағаш отаудағы жетістігі" үшін бермек болған. Экология белсенділері Алматыда жыл сайын мыңдаған ағаш оталатынын, ал Көкжайлау шатқалына жол салу үшін биыл шамамен 10 мыңға жуық ағашты кесу жоспарланғанын айтады.

Белсенділер барған кезде қалалық әкімдік ғимараты іштен бекітілген болып шыққан. Кейінірек олар "сыйлықтарын" ғимараттан шыққан қалалық ішкі саясат басқармасы қызметкеріне әкімге беру үшін тапсырған.

XS
SM
MD
LG