Accessibility links

Freedom House есебі: Қазақстан - еркін емес ел


Freedom House ұйымының әлем елдеріндегі еркіндік деңгейі жайлы 2015 жылғы есебінің картасы. 28 қаңтар 2015 жыл.
Freedom House ұйымының әлем елдеріндегі еркіндік деңгейі жайлы 2015 жылғы есебінің картасы. 28 қаңтар 2015 жыл.

Freedom House халықаралық ұйымы бүгін әлемнің 195 еліндегі еркіндік деңгейі жөніндегі жыл сайынғы есебін жариялады. Ұйым есебінде Қазақстан биыл да еркін емес елдердің қатарында аталған.

АҚШ-та орналасқан ұйым 2014 жылы әлемде еркіндік деңгейі біршама төмендеп, Ресейдің Украинаға "басып кіруі" демократияға үлкен соққы болып тигенін айтады.

Freedom House-дің есебі бойынша, 2014 жылы терактілердің көбеюі мен авторитарлық режимдердің агрессиялық тактикаларды көбірек қолдануы әлемнің түгелге дерлік аймағында демократиялық талаптарды "аяқ асты етуіне" әсер еткен.

"Демократияны әлемдегі басқарудың ең озық үлгісі ретінде қабылдауға және демократиялық идеалдарға сай құрылған халықаралық жүйеге соңғы 25 жылда болмаған қауіп төнді" дейді Freedom House ұйымының зерттеу ісі жөніндегі вице-президенті Арч Паддингтон.

XS
SM
MD
LG