Accessibility links

Қазақстан универсиадада тағы бір жүлде алды


2015 жылғы Қысқы универсиаданың эмблемасы
2015 жылғы Қысқы универсиаданың эмблемасы

Осрбльеде (Словакия) өтіп жатқан Қысқы универсиадада әйелдер арасында өткен 5 километрлік жарыста қазақстандық Анастасия Слонова күміс медаль иеленді. Ол осыған дейін шаңғыдан спринттік жарыста алтын медаль алған.

Қазір Қазақстан жалпы есеп бойынша ​екі алтын (Анастасия Слонова мен Алина Раикова) және бір күміс медаль (Анастасия Слонова​) иеленіп, Ресейден кейін екінші орында тұр.

Биылғы қысқы универсиада Осрблье мен Гранадада (Испания) өтіп жатыр. Словакияда шаңғы, биатлон жарыстары, Испанияда шорт-трек, хоккей, коньки, фристайл, тау шаңғысы, сноуборд жарыстары ұйымдастырылады.

25 қаңтарда басталған Қысқы универсиада 14 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG