Accessibility links

ЕО Ресейге санкцияны қыркүйекке дейін созды


ЕО туы. Брюссель (Бельгия)
ЕО туы. Брюссель (Бельгия)

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге салынған санкцияларды алты айға созу туралы құжат пен жаңа санкция салынатын адамдардың тізімін дайындады деп хабарлады Reuters агенттігі.

Ресейшіл сепаратистердің Украинаның шығысындағы жаңа шабуылынан кейін ЕО елдері сыртқы істер министрлері кезектен тыс бас қосу өткізіп, құжатты жасаған. Құжатта "Украинаның тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығына қауіп төндіргені үшін заңды және жеке тұлғаларға шектеу 2015 жылдың қыркүйегіне дейін созылады" деп көрсетілген.

Украина үкіметінің мәлімдеуінше, 24 қаңтарда сепаратистердің Мариуполь қаласына шабуылы кезінде 30 бейбіт тұрғын мерт болған.

XS
SM
MD
LG