Accessibility links

Дебальцевода үш адам мерт болған


Дебальцево қаласы маңындағы ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, 28 қаңтар 2015 жыл.
Дебальцево қаласы маңындағы ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, 28 қаңтар 2015 жыл.

Украинаның шығысындағы Дебальцево қаласын атқылау салдарынан соңғы тәулікте үш адам қаза тауып, жеті адам жараланған. Бұл туралы Донецк облысы ішкі істер басқармасының бастығы Вячеслав Аброськин хабарлаған.

Соңғы үш тәулікте Дебальцево мен оның маңындағы қалалардан мыңға жуық жергілікті тұрғындар эвакуацияланған. Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі бүгін қалада электр қуаты, су, жылу және байланыс жоғын хабарлады. Құтқарушылар күн сайын аймаққа гуманитарлық жәрдем жеткізіп отыр.

Өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» (ДХР) сепаратистері бұған дейін Дебальцеводағы украин әскерилерін қоршауға алғандары туралы мәлімдеген еді. Украина армиясының басшылығы бұл ақпаратты растаған жоқ. «Ақпараттық қарсылық» тобының жетекшісі Дмитрий Тымчук ДХР аймақта өз күшін еселеп жатыр деп хабарлады. Дебальцевоның маңындағы Углегорск қаласында шайқастар жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG