Accessibility links

Украина консулы Немцов қазасына куәгермен кездесті


Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан ер адам. Мәскеу, 28 ақпан 2015 жыл.
Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан ер адам. Мәскеу, 28 ақпан 2015 жыл.

Ресейдегі Украина консулы Геннадий Брескаленко ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовқа қастандық жасалған кезде оның жанында болған Украина азаматы Анна Дурицкаямен кездескен. Бұл туралы ресейлік «Дождь» телеарнасы хабарлады.

Бірақ кездесудің мән-жайы туралы ештеңе айтылмайды.

Бұған дейін Украина Жоғарғы Радасының депутаты Остап Семерак Ресей билігі Дурицкаядан жауап алған соң оны жеке пәтерде ұстап, Украина консулымен кездесуіне мұрсат бермей құқығын бұзып отырғанын қыздың Киевтегі туыстары жеткізді деп мәлімдеген еді. Бірақ ресейлік оппозиционер Илья Яшин «Дождь» телеарнасына Дурицкая тергеушілерге жауап берген соң екеуіне таныс әйелдің үйіне қонғаны жайлы айтқан.

Анна Дурицкаяның сөзінше, ақпанның 27-і күні кешкісін Мәскеудің орталығында Борис Немцов екеуі көпір үстінде кетіп бара жатқан кезде белгісіз қылмыскер Немцовты бірнеше рет атып өлтіріп кеткен.

XS
SM
MD
LG