Accessibility links

БҰҰ: Тикриттен 28 мың адам қашқан


Ирак әскері мен шиит жасақтары "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан Тикрит қаласын қайтарып алу операциясы кезінде. Ирак, Салахуддин провинциясы, 4 наурыз 2015 жыл.
Ирак әскері мен шиит жасақтары "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларынан Тикрит қаласын қайтарып алу операциясы кезінде. Ирак, Салахуддин провинциясы, 4 наурыз 2015 жыл.

БҰҰ-ның бағалауынша, Ирактың Тикрит қаласына жақын аудандардан Самарра қаласына 28 мыңға жуық азамат бас сауғалап кеткен. Ирак әскерилері шиит жасақтарының қолдауымен Тикритті "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы содырларынан босату операциясын бастаған.

Содырлар сегіз ай бұрын басып алған Тикрит қаласын олардан азат ету үшін соғыс жүріп жатқанына бес күн болды. Содырларға қарсы операцияға 30 мыңға тарта Ирак әскері мен шиит жасақтары қатысып жатыр. Үкімет күштері Тикритті алса, одан ары солтүстікке қарай жылжып, радикалды исламшылдардан Мосул қаласын азат етуге мүмкіндік туады.

Кеше Ирак билігі ИМ содырлары ежелгі ассириялық Нимруд қаласының орнындағы тарихи ескерткіштерді бульдозерлермен қиратқанын хабарлаған. Содырлар жақында ғана Мосул мұражайындағы құнды тарихи жәдігерлерді бұзып-талқандағаны туралы видео таратқан.

Сарапшылар исламшыл фанаттардың бұл әрекеттері 2001 жылы Ауғанстанда "Талибан" жасақтарының Будда мүсінін қиратқаны еске түсіреді дейді.

XS
SM
MD
LG