Accessibility links

Одессадағы жарылысты "теракт" деп атады


Одессада жарылыс болған орындардың бірі. 22 наурыз 2015 жыл.
Одессада жарылыс болған орындардың бірі. 22 наурыз 2015 жыл.

Одессада өткен түнде болған жарылысты құқық органдары теракт деп атады.

Белгісіз біреулер Старопортофранковская көшесіндегі Донбастағы украиналық әскерилерге жәрдем көрсетумен айналысатын еріктілер ұйымы орналасқан ғимараттың терезе жақтауына бомба қойып кеткен. Жарылыстан ешкім зардап шекпеген.

Соңғы айларда Одессада бірнеше жарылыс болған, бірақ оларды кім ұйымдастырғаны әлі белгісіз қалып отыр. Қала көшелерінде милиция патрулі күшейтілді. «террорға қарсы жедел-алдын алу шараларын» жүргізу үшін Одессаға Украина ұлттық гвардиясы әскери қызметшілері келген.

XS
SM
MD
LG