Accessibility links

Араб елдері біріккен әскер құруды қолдады


Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси Араб лигасы елдерінің саммитінде отыр. Египет, 29 наурыз 2015 жыл.
Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси Араб лигасы елдерінің саммитінде отыр. Египет, 29 наурыз 2015 жыл.

Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси Араб лигасы елдерінің басшылары біріккен әскер құруға келіскенін мәлімдеді.

29 наурызда Египеттің Шарм әл-Шейх қаласында өткен Араб лигасы елдері саммитінде сөйлеген әл-Сисидің айтуынша, біріккен әскер құру "араб елдері тап болған үлкен қауіп-қатерлермен күресу қажеттігінен туған".

Араб лигасының басшысы Набил әл-Араби саммит қарсаңында біріккен әскер "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен, Ливия мен Йемендегі көтерілісшілермен күресетінін айтқан. Біріккен әскер құру туралы шешім Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы сүнниттік елдер әскери-әуе күштері Йемендегі билікті басып алған шииттік хусит көтерілісшілеріне шабуыл бастағаннан кейін қабылданып отыр.

Набил әл-Араби шиит көтерілісшілері "қаруларын тастап, тізе бүккенге дейін" жалғаса беретінін айтады.

XS
SM
MD
LG