Accessibility links

Пәкістанда мектеп күзетшілерін жаттықтыра бастады


Пәкістандық балалар содырлар қиратып кеткен мектептің орнында жүр. (Көрнекі сурет)
Пәкістандық балалар содырлар қиратып кеткен мектептің орнында жүр. (Көрнекі сурет)

Пәкістанның Сват аймағы билігі 2 мыңдай мектеп күзетшілерін жаттықтыра бастады. Шенеуніктер «бұл амал содырлар тағы да оқу орындарына шабуыл жасай қалса керек боларын» айтады.

Күзетшілерге қаруды қалай ұстауды, мылтық атып, нысана көздеуді полицейлер үйретіп жатыр. Олардың сөзінше, бұл дайындық алдағы күндері де қарқын ала бермек.

Былтыр 16 желтоқсанда «Талибан» содырлары Пешавардағы әскери мектепке шабуыл жасап, 142 адамды мерт еткен еді. Қаза тапқандардың көбі балалар болған. Ел билігі сол оқиғадан кейін мектептердің күзетін күшейткен.

XS
SM
MD
LG