Accessibility links

Пентагон Араб лигасы ортақ әскерін құруды қолдады


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.
АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер Араб лигасы елдерінің "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларымен және Йемендегі хусит шииттік көтерілісшілерімен күресу үшін біріккен әскер құру жоспарын қолдады. 30 наурызда Нью-Йоркте сөйлеген Картер біріккен әскер құру жоспарын "игі іс" деп атады.

Египеттің Шарм әл-Шейх қаласында 29 наурызда Араб лигасы елдері саммитінде жасалған келісім бойынша, Сауд Арабиясы, Египет пен оның одақтастары аймақта дағдарыс туатындай болса, жағдайға әскери жағынан араласады. Біріккен әскер қалай құрылып, жұмыс істейтіні жайлы мәселелер келесі айда талқыланып, төрт ай ішінде ортақ армияға қатысты құжат толық дайындалып бітпек.

Сауд Арабиясы бастаған сүнниттік он мемлекет 26 наурыздан бері Йемендегі хусит көтерілісшілеріне қарсы әуеден соққы беріп келеді.

XS
SM
MD
LG