Accessibility links

Қазақстан футбол федерациясы бюджетін жариялады


Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов (Сурет спорт және мәдениет министрлігінің ресми сайтынан алынды)
Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов (Сурет спорт және мәдениет министрлігінің ресми сайтынан алынды)

Қазақстан футбол федерациясының жылдық бюджеті шамамен 10 миллион еуроны құрайды.

Бұл туралы федерация президенті Ерлан Қожағапанов ресейлік "Спорт экспресс" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

Қожағапанов өз сұхбатында Қазақстан УЕФА (Еуропа футбол қауымдастығы) құрамынан АФК (Азия футбол федерациясы) құрамына қайта ауыспайтынын да айтты. Сондай-ақ ол Қазақстан құрамасының бас бапкері ресейлік Юрий Красножанның еңбекақысы "Самұрық-қазына" қорынан төленетінін де жеткізді.

Қазақстан 1991-2002 жылдары АФК құрамында болса, 2002 жылдан бері УЕФА құрамында ойнап келеді.

Қазақстан құрамасы бүгін, 31 наурызда Мәскеуде Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

XS
SM
MD
LG