Accessibility links

Путин Киевпен газ келісімін ұзартуға қарсы емес


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 26 наурыз 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 26 наурыз 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен жасалған газ тасымалдау келісімінің мерзімін тағы үш айға ұзартуға қарсы емес екенін мәлімдеді. Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуінде Путин мерзімі 1 сәуір күні аяқталатын келісімді үш айға ұзарту туралы Медведев ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.

Медведев кездесуде бір мың текше метрі үшін 365 АҚШ доллары деп белгіленген арзандатылған газ бағасын сақтап қалу Киевтің алдын-ала төлем жасау мен қарызын жабуына байланысты болатынын айтты.

2015 жылдың алғашқы тоқсанында сатылатын газ бағасы 2014 жылдың қазан айында Еуропа Одағының араласуымен болған келісөзде белгіленген еді. Медведевтің сөзінше, келісім мерзімін ұзарту туралы өтініш украиналық "Нафтогаз" компаниясынан түскен.

Путиннің сөзінше, "Кремль Украинаға маусым айынан бастап сататын газының бағасын белгілеу үшін әуелі әлемдік нарықтағы жағдайды саралап алады".

XS
SM
MD
LG