Accessibility links

Мәжіліс бітім күштері туралы заң жобасын мақұлдады


Парламент мәжілісінің отырысы, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламенттің төменгі палатасы - мәжіліс депутаттары бүгін алғашқы оқылымда "Бітімгершілік іс-қимыл туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасы Қазақстан әскерінің бітімгершілік операцияларына қатысу тәртібін реттейді. Заң жобасы бойынша, Қазақстан президенті қарулы күштерді бітімгерлік операцияларына қатыстыру ұсынысын парламентке жолдайды, парламент ұсынысты талқылап, тиісті шешім қабылдайды. Қазақстан әскері бітімгерлік операциясындағы әрекетін бітімгерлік операциясы тұтастай аяқталғанда, операцияға қатысу мерзімі біткенде немесе мерзімінен бұрын қайтарып алынғанда тоқтатады.

Қазақстанның әскери іс-қимылдар мен қақтығыстар жүріп жатқан аймақтарға жыл сайны қанша бітімгерлік сарбазын жіберетіні әзірге белгісіз.

Бұған дейін заң жобасын дайындағандардың бірі депутат Абай Тасболатов қазақстандық бітімгерлерді қандай да бір қақтығыс аймақтарына жіберу БҰҰ-ның шешімімен қабылданатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG