Accessibility links

Краматорскіде Ленин ескерткішін құлатты


Краматорск қаласында орталық алаңда тұрған СССР көсемі Владимир Лениннің ескерткішін құлату. Донецк облысы, Украина, 17 сәуір 2015 жыл.
Краматорск қаласында орталық алаңда тұрған СССР көсемі Владимир Лениннің ескерткішін құлату. Донецк облысы, Украина, 17 сәуір 2015 жыл.

Украина билігі Донецк облысының уақытша әкімшілік орталығы етіп белгілеген Краматорск қаласында орталық алаңда тұрған СССР көсемі Владимир Лениннің ескерткішін құлатқан.

«Интерфакс-Украина» агенттігіне куәгерлердің хабарлауынша, сәуірдің 17-і күні Краматорск қалалық кеңесі ғимаратының алдындағы алаңда өткен шеру кезінде техниканың көмегімен ескерткішті темір арқанмен байлап, тұғырынан алып тастаған. Ескерткіштің орнына Украина мемлекеттік туы мен қызыл-қара түсті туды тіккен. Бұл оқиғаның «112 Украина» телеарнасы тікелей эфирден көрсеткен.

Алаңға жүздеген адам жиналған, көпшілігі қолдарына Украина туын ұстап тұрған. Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, Ленин ескерткіші «Свобода» партиясының қалалық ұйымының бастамасы бойынша алынған.

Бұған дейін, сенбіге қараған түні Харьковте белгісіз біреулер қаладағы авиациялық және политехникалық институттардың аумағында тұрған Лениннің екі ескерткішін бұзып тастаған. Оның алдында, жұмаға қараған түні Луганск облысындағы Станица Луганская кентінде де жергілікті әкімшілік ғимараты алдындағы Ленин ескерткішін құлатқан.

XS
SM
MD
LG