Accessibility links

Кельнде А320 ұшақ апаты құрбандарын аза тұтты


Germanwings ұшағы апатында қаза тапқандарды аза тұту рәсімі. Кельн, 17 сәуір 2015 жыл.
Germanwings ұшағы апатында қаза тапқандарды аза тұту рәсімі. Кельн, 17 сәуір 2015 жыл.

Жұма күні Кельн қаласындағы шіркеуде Germanwings ұшақ апаты құрбандарын аза тұту діни рәсімі өтті. Онда Германия президенті Йоахим Гаук марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, Германия бұл қайғылы оқиғадан есеңгіреп қалды деп мәлімдеген.

Қаралы рәсімге әуе апатында қаза тапқандардың 500-дей туыстары, Германия, Франция және Испания елдерінің саясаткерлері қатысқан.

Бүкіл Германияда бұл күні мемлекеттік тулар төмен түсірілді.

Наурыздың 24-і күні Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының лоукостері – Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы Альпі тауына құлап, ұшақтағы150 адамның барлығы қаза тапқан. Олардың арасында Қазақстанның үш азаматы болған.

Алдын ала болжам бойынша, екінші ұшқыш Андреас Любиц кабинада жалғыз қалып, есікті ішінен бекітіп алған соң көп ұзамай ұшақ төмен құлдилап, таулы жерге құлаған. Тергеушілер ұшақты Андреас Лубиц әдейі құлатқан деген күдікке айғақтар барын айтады.

XS
SM
MD
LG