Accessibility links

Алматыда жаңадан екі метро бекеті ашылды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы метросында жаңадан іске қосылған "Мәскеу" және "Сайран" бекеттерінің ашылу рәсімінде. Алматы, 18 сәуір 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы метросында жаңадан іске қосылған "Мәскеу" және "Сайран" бекеттерінің ашылу рәсімінде. Алматы, 18 сәуір 2015 жыл.

Алматыда бүгін жаңадан екі метро бекеті ашылды. «Мәскеу» және «Сайран» метро бекеттерінің ашылу салтанатына президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.

Алматы метрополитенінің бірінші желісінің екінші кезегіндегі жаңа екі станция Абай даңғылы бойында салынған. «Сайран» бекеті Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында, «Мәскеу» станциясы – Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелері арасында орналасқан. Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 2018 жылға дейін «Сарыарқа» және «Достық» станциялары салынып, метро жолы Яссауи көшесіне дейін жалғаспақ.

Ал бірінші желінің үшінші кезегінде солтүстік бағытта Алматы-1 темір жол вокзалына дейін алты метро станциясын салу жоспарланған.

Құрылысы 1988 жылы басталған Алматы метросының бірінші желісінің алғашқы кезегінің жеті бекеті 2011 жылы желтоқсанның 1-і күні пайдалануға берілген.

Алматы метросында жаңадан ашылған бекеттер:

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG