Accessibility links

Атамбаевты сынаған мақалаға прокурор шағым берді


Қырғызстан бас прокуроры Индира Жолдубаева.
Қырғызстан бас прокуроры Индира Жолдубаева.

Қырғызстан бас прокуроры Индира Жолдубаева Чу облыстық сотына ел президенті Алмазбек Атамбаевтың ар-намысын қорғау туралы талап арыз түсірген. Оған 2014 жылы қыркүйектің 30-ы күні интернеттегі Мaalymat.kg және Kyrgyztoday.kg сайттарында жарияланған журналист Дайырбек Орунбековтың «Отунбаева көз жұмып, Атамбаев ұмыт қалдырған Ош оқиғаларына саяси баға қашан беріледі» атты мақаласы негіз болған.

Бас прокуратура бұл мақалада автор Орунбеков 2010 жылы елдің оңтүстігінде болған оқиғалардың себептерін тергеу қорытындылары туралы, қайғылы оқиғаларға кінәлілердің анықталғаны жайлы алдын ала біле тұра, президент Атамбаев пен Уақытша үкіметтің өзге мүшелерін көп адам қазасына қатысты аса ауыр қылмыс жасаған деп әдейі айыптаған дейді.

Бұған дейін журналист Орунбековтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оған ауыр және өте ауыр қылмыс жасалғаны туралы жалған хабарды әдейі берген деген айып тағылған. Осы аптада мемлекеттік айыптаушының жекелей-жария айыптауды қолдаудан бас тартуы себепті Дайырбек Орунбековтың үстінен қозғалған қылмыстық іс доғарылған еді.

XS
SM
MD
LG