Accessibility links

Алматыда сатиралық жаңа театр ашылды


Жаңадан құрылған "Танымал тұлғалардың толқыны" атты сатиралық және юморлық бағыттағы театр мүшелері баспасөз жиынында отыр. Алматы, 21 сәуір 2015 жыл.
Жаңадан құрылған "Танымал тұлғалардың толқыны" атты сатиралық және юморлық бағыттағы театр мүшелері баспасөз жиынында отыр. Алматы, 21 сәуір 2015 жыл.

Алматыда сатиралық және юморлық бағыттағы ТТТ (Танымал тұлғалардың толқыны) атты жаңа театр ашылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. ТТТ театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері Асылбек Боранбай «жаңа қалыптағы жаңаша театр құру үшін «Тамаша" ойын-сауық отауынан бөлініп шыққандарын» айтады.

Бұған дейін «Тамаша» ойын-сауық театрының көркемдік жетекшісі болған Асылбек Боранбай «Ол жерде жаңаша жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ және қазақстандағы барлық театрлар "Тамашаның" қалыбында жұмыс істейді. Ал біз өзгеше стильде сахнаға шығамыз» дейді.

Театр құрамында "Тамаша" ойын-сауық отауының Кәдірбек Демесінов, Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов сияқты әртістері бар.

ТТТ театрының алғашқы қойылымы екінші мамырға жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG