Accessibility links

Атамбаев премьерді отставкаға жіберді


Қырғызстанның отставкаға кеткен премьер-миинстрі Жоомарт Оторбаев.
Қырғызстанның отставкаға кеткен премьер-миинстрі Жоомарт Оторбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев премьер-министр Жоомарт Оторбаевты отставкаға жіберу туралы жарлық шығарды.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, жарлықта премьер-министр мен оның орынбасарлары және басқа да министрлер үкіметтің жаңа құрамы жасақталғанша міндеттерін атқара береді.

Кеше қырғыз үкіметін 2014 жылдың сәуірінен бері басқарып келе жатқан премьер-министр Жоомарт Оторбаев отставкаға кететінін жариялаған. Парламентте үкіметтің 2014 жылғы жұмысы туралы есеп бергеннен кейін отставкаға кететінін айтқан Оторбаев "демократиялық мемлекетте билік монополияланбауы тиіс" деген.

Қырғызстан үкіметі елдегі ең ірі Құмтөр алтын кенішін игеруге қатысты дау қайта басталған тұста отставкаға кетіп отыр.

XS
SM
MD
LG