Accessibility links

Украинада "Соғыс тоқтасын!" веложарысы басталады


"Соғыс тоқтасын!" веложарысын ұйымдастырушылардың бірі Василий Любарец.
"Соғыс тоқтасын!" веложарысын ұйымдастырушылардың бірі Василий Любарец.

Чернобыль атом электр станциясындағы апат болған 26 сәуірде Украинаның Батурин қаласында "Соғыс тоқтасын!" деп аталатын веложарыс басталады. Веложарыс жарты жылға созылады. Оған қатысушылар Еуропа елдерінің, АҚШ пен Канаданың 100-ден астам қаласына барып, Украинадағы ең биік Говерла шыңы мен АҚШ-тың Юта штатындағы Тимпаногос тауына шығуды жоспарлап отыр.

"Біздің мақсат - соғысты тоқтату. Біз әлемдегі барлық ізгі адамдарды, өзіміз баратын қала мэрлерін, мемлекет басшыларын қақтығыс пен тіресті тоқтатуға шақырамыз" деді веложарысты ұйымдастырушылардың бірі Василий Любарец.

Веложарысты 2014 жылдың басында Киев пен басқа да украиналық қалалардағы толқулар кезінде пайда болған Майдан интернационалдық лигасынан шыққан Дүниежүзілік бейбітшілік лигасы өткізеді.

Веложарыстың алғашқы кезеңінде қатысушылар велосипедпен Украинаны шарлап, шекараға дейін барады. Екінші кезеңінде қатысушылар Еуропа Одағы елдеріне, үшінші кезеңінде АҚШ пен Канадаға барады. Жол бойында веложарысқа қатысуға ниет білдіргендер орта жолдан қосыла алады.

XS
SM
MD
LG