Accessibility links

Норвегия Батыс Еуропаға газ сатудан алға шықты


Солтүстік теңіздегі норвегиялық бұрғылау платформасы. (Көрнекі сурет)
Солтүстік теңіздегі норвегиялық бұрғылау платформасы. (Көрнекі сурет)

Батыс Еуропаны газбен қамтамасыз етуден Норвегия Ресейден озды деп хабарлады Reuters агенттігі. Биылғы бірінші тоқсандағы есептеулер бойынша, Батыс Еуропа елдеріне ресейлік «Газпром» жөнелткен газ көлемі 20 миллиард текшеметрден, ал Норвегияныкі – 29 миллиард текшеметрден асқан.

Еуропаның Норвегия газын тұтынуды күрт көбейтуі – батыс елдерінің Ресей табиғи газына тәуелділікті азайтуға бағытталған шаралары мен норвегиялық газ өндірушілердің икемді баға саясатының нәтижесі. Ұзақ мерзімге жасалатын келісімдерінде газ бағасын мұнай бағасына байлап қоюды жөн көретін «Газпромға» қарағанда, норвегиялықтар сұраныс пен ұсынысқа байланысты газ бағасын өзгерте береді деп жазады Reuters.

Былтырғы жылдың аяғында Норвегия Батыс Еуропаға Ресей жөнелткен газ көлемінің үштен бір бөлігіне тең мөлшерде артық газ жіберген.

Дегенмен, Ресей әзірше Шығыс Еуропа мен Еуропалық Одаққа газ сатушы негізгі экспортер болып қалып отыр. Былтыр бұл аймақтарға сатылған Ресей газының үлесі 43 пайыздан 42 пайызға төмендесе, Еуропа Одағына экспортталған газ көлемі 10 пайыздан көп мөлшерге кеміген. Ал 2014 жылы Еуропа нарығындағы Норвегия газының үлесі 34 пайыздан 38 пайызға дейін көбейген.

XS
SM
MD
LG