Accessibility links

Батыс «жағымсыз ұйымдар» жайлы Ресей заңын сынады


Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)
Мәскеу Кремлі. (Көрнекі сурет)

АҚШ және Ұлыбритания Ресейдің «жағымсыз» шетелдік ұйымдар туралы заңын сын білдірді.

«Бұл заң Ресейдегі азаматтық қоғамның жұмысын одан ары шектеп, ел азаматтарын өзге әлемнен оқшаулауға ықпал етеді» деп мәлімдеген АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мари Харф.

Ұлыбритания сыртқы істер министрлігі «жағымсыз ұйымдар» туралы заң Ресейде үкіметтік емес халықаралық құқыққорғау ұйымдарының қызметіне тосқауыл болады деп санайды.

«Жаңа заң Ресейде халықаралық ұйымдардың адам құқықтарын қорғау және дамыту жұмыстарына тікелей әсер етеді және ол ресейлік азаматтық қоғам қызметін әлсіретуді айқын мақсат етіп отыр» деп мәлімдеген Ұлыбританияның Еуропа істер жөніндегі министрі Дэвид Лидингтон.

Сенбі күні Ресей президенті Владимир Путин қол қойған шетелдік және халықаралық «жағымсыз» ұйымдар туралы заңға сәйкес, Ресейдің «конституциялық құрылыс негізіне, қорғаныс қабілетіне және мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін» шетелдік немесе халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қызметі «жағымсыз» деп танылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG