Accessibility links

Канн кинофестивалі жүлдесін француз фильмі алды


Француз режиссері Жак Одиар (ортада) Канн кинофестивалінің басты жүлдесін алу кезінде. Франция, 24 мамыр 2015 жыл.
Француз режиссері Жак Одиар (ортада) Канн кинофестивалінің басты жүлдесін алу кезінде. Франция, 24 мамыр 2015 жыл.

Францияның "Дипан" фильмі Канн кинофестивалінің басты жүлдесі - "Алтын пальма бұтағы" сыйлығын жеңіп алды. Танымал режиссер Жак Одиар түсірген "Дипан" фильмінде Еуропада жаңа өмір бастаған Шри-Ланкадан шыққан босқын жайлы суреттеледі. Фестивальдегі екінші орынды венгриялық Ласло Немештің Холокост туралы түсірген "Саулдың ұлы" фильмі, үшінші орынды грек режиссері Йоргос Лантимостың "Лобстер" фильмі алды.

Кинофестивальдің ең үздің режиссерге тағайындалған жүлдесі "Жалдамалы кісі өлтіруші" фильмін ұсынған тайвандық Хоу Сяосяньге берілді. Француз актері Винсент Линдон "Адам өлшемі" фильміндегі Стефан Бриздың рөлі үшін ең үздік актер деп танылды. Ең үздік актриса деп Тодд Хейннің "Кэрол" фильміндегі рөлі үшін америкалық Руни Мара, Мейвин Бесконың "Менің королім" фильміндегі рөлі үшін француздық Эммануэль Беркот танылды.

XS
SM
MD
LG