Accessibility links

Иран БҰҰ өкілдеріне әскери нысандарын көрсетпек


Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.
Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік алты державамен келіссөзі аясында БҰҰ сарапшыларының елдегі әскери нысандарға "бақылаушылар арқылы тексеруіне" рұқсат ететінін хабарлады. Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф пен оның орынбасары Аббас Аракчи бұл туралы ел парламентінде өткен жабық сессияда айтқан.

Сессияға қатысқан депутаттардың бірінің айтуынша, БҰҰ инспекторларына әскери нысандардан радиация деңгейін анықтау үшін сынама алуға рұқсат етілмек.

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей мамырдың 20-сында Иран мұндай тексерікке рұқсат етпейтінін мәлімдеген еді.

Иран мен әлемдіки алты держава - АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия маусымның 30-ына дейін Иранның даулы ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне осы елге салынған экономикалық санкцияларды жеңілдетуді көздейтін келісім жасауға тырысып жатыр.

Мамырдың 24-інде Иран президенті Хассан Роухани экономиканы халықаралық санкциялардан босату үшін жалпыхалықтық түрде күш біріктіруге шақырған.

XS
SM
MD
LG