Accessibility links

Пан Ги Мун: Әлем елдері босқындарды паналатқаны жөн


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Сеул, Оңтүстік Корея, 20 мамыр 2015 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Сеул, Оңтүстік Корея, 20 мамыр 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун халықаралық қауымдастықты босқындарға пана табудың жаңа жолдарын іздестіруге шақырды. Ирландияда Сирия, Ауғанстан және басқа да елдерден шыққан босқындар алдында сөйлеген Пан Ги Мун өз отбасының Корей түбегіндегі соғыстан бас сауғалаған тарихын еске түсірді.

Пан Ги Мун "Менің балалық шақтан есімде қалғаны - отбасымыздың ауылды қоршап жатқан тауға қарай қашқаны. Біз жаңбыр кезінде тауға қарай өрмелеп шықтық. Мен артыма бұрылып өзім білген әлем - асыр салып ойнап, мектепке барған және отбасымызбен бірге тұрған жаққа көз салдым. Барлығы отқа оранған. Мен мұнда сіздердің қандай жолдарды басып келгендеріңізді түсініп отырмын" деді.

БҰҰ бас хатшысының сөзінше, әлем елдері босқындарға арналған барынша қауіпсіз дәліз құруға жұмыс істеуі тиіс.

XS
SM
MD
LG