Accessibility links

ФИФА басшысын отставкаға кетуге шақырды


Ағылшын футбол ассоциациясының басшысы Грег Дайк.
Ағылшын футбол ассоциациясының басшысы Грег Дайк.

Ағылшын футбол ассоциациясының басшысы Грег Дайк ФИФА президенті Зепп Блаттер өзі басқаратын федерациядағы коррупциялық жанжалдарға байланысты отставкаға кетуі тиіс деп мәлімдеді.

Бұған дейін Еуропа футбол ассоциациялары одағы - УЕФА мәлімдеме жасап, онда тек 29 мамырға белгіленген ФИФА президентін сайлауды алты айға шегеруге ғана шақырған.

Дайк Блаттердің ФИФА өзіндегі коррупциялық әрекеттерді жою арқылы футбол фанаттарының сеніміне кіре алады деген мәлімдемесіне сенбейтінін айтты.

"Блаттер қазір ФИФА-ны қайта құрылымдауды бастайтын уақыт деп мәлімдеді. Бірақ Зепп Блаттер басшылықта отырған кезде ФИФА-ға деген сенімді қайта қалпына келтіруге жол жоқ. Блаттер қызметінен кетуі тиіс. Ол я отставкаға өзі кетуі шарт немесе сайлау арқылы кетіру қажет. Болмаса оны кетіруге мәжбүрлеу қажет" деді Дайк.

Блаттер 29 мамырда ФИФА президенті сайлауына бесінші мәрте сайланбақ ниетте. Оның сайлаудағы қарсыласы Йордания ханзадасы Әли бин әл-Хусейн.

XS
SM
MD
LG